04.02.2022
  162


Автор: Жарасбай Нұрқанов

Зейнелғабиден Əйтімовке

«Тың өлкесі» жыр еткенде Сіз барсыз,
«Тың өлкесін» түлеткенде Сіз барсыз.
Хат қорытудан қол қоюға жеттіңіз,
Газет оқып, күзеткен де шығарсыз.
Газет сізді, Сіз газетті өсіріп,
Бес жыл бірге жыр шаштыңыз қосылып.
Енді, міне, алдыңызда армандай,
Ғалымдықтың жолы жатыр жосылып.
Ғылым – шыңға талабыңыз ұмтылсын,
Оңыңызда – Ай, солыңызда – Күн тусын.
Сізді қимай қоштасуға жиналған
Коллективтің көңілі боп гүл тұрсын.
Қалам ойлы жолдасыңыз таңдаулы,
Қабылдаңыз осы азғантай арнауды.
Астанада асқақ ойлап жүріңіз,
«Тың өлкесі» тілшісі боп арнаулы.





Пікір жазу