Өз газетің
Аялаған алтын Күн, зеңгір аспан,
Ұланғайыр, кең дала – нұрлы дастан.
Ағайынның сол тұстық өңірдегі
Өз газеті – «Солтүстік Қазақстан».
Аты əдемі газеттің, өзі əдемі,
Жерлестерге арналған сөзі əдемі.
Оқитыны – «Солтүстік Қазақстан»
Қызылжарлық арудың көзі əдемі.
Мезгілінде жүздескен дүйім елмен,
Жаңа газет аумайды самал желден.
Іздейтіні – «Солтүстік Қазақстан»,
Сексен бірге келсе де асыл жеңгем.
Үнқағазға білдіріп ақ ниетін,
Сұрайды жұрт алдымен өз газетін.
Əр үйге бір – «Солтүстік Қазақстан»,
Оқырманы көп газет сөйлейді еркін.
Сыршыл газет, əрине, шыншыл газет,
Шыншыл газет елге де сондай қажет.
Олай болса, «Солтүстік Қазақстан»,
Ауыл-үйді аралап, бəріне жет!
Өз газетін жаздырып алсын əркім,
Тіліміз де түзелер, сөйтсе, бəлкім.
Назарында – «Солтүстік Қазақстан»,
Көріп-біліп отыр ғой үлкен əкім.
Айхай, шіркін, туған жер, көркің қандай,
Есіл бойын жырлаудан жүрмін танбай.
Кең таралсын – «Солтүстік Қазақстан»,
Шағалалы көк теңіз шалқығандай!
2005 ж.