04.02.2022
  132


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ТІРШІЛІК БАЙ ДАСТАН

Жағада жалғыз жүр жігіт,
Көк жүзін тегіс бұлт басқан;
Сұрланған күйі бұл жігіт,
Сұрлана түсті-ау сұр тастан;


Бұлтты аспан,
Тұтасқан,
Түнгі аспан,
Мұңдасқан;
Сұр дүние, Сұр жігіт;
Сұрланып алған, түр қашқан.
Таң атып баяу тағы да,
«Тұр-тұрдан» хабар береді;
Таң атқан мынау шағында
Құланиектеніп келеді.
Түн асқан;
Таңғы аспан,
Сырласқан,
Боз торғай,
Жырласқан.
Дүние ғажап сəскеде,
Айнала кісі көреді;
Қарамай жандар əстеде
Биіктей көңіл береді;
Түскі аспан,
Тыңдасқан,
Тіршілік атты
Бай дастан!





Пікір жазу