04.02.2022
736
![](/uploads/shorttexts/author_image/zharasbaj-nurkanov.jpg)
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ
Болар ма жанашырлық сірə бұлай!
Кешегі құйын заман ылаңы-ай.
Құмыққан қойнауынан тарихымның
Сыр тартсам салады еске Тұрарым ой.
Заманы салар əр кез ұланына ой,
Əділет көтермеген шын əлі бой.
Кезде сол, ТүрікЦИК-тің қақ төрінен
Қаймықпай тұғыр тепкен Тұрарым-ай!..
Меркені мекен еткен қыраны ғой
Қырандар келешектің ұраны ғой.
Қансоқта ел арманын жалау еткен,
Жатырсың қай қойнауда Тұрарым-ай!
Халқыңның қабағынан мұң арылмай
Жатқанын сезген есті қыраным-ай...
Қазағым деп жүргенде қапы кеткен
Бір туар, бейіті жоқ шынарым-ай.
Кешегі кер заманның ылаңын-ай,
Ұйытқыр деп кім ойлаған сірə былай,
Шыққанда шырқау шыңға, топшысына
Тас тиген қылыш қанат қыраным-ай!..
Кетпейді көкейімнен, сірə, бір ой,
Арманға қол арту да бір абырой.