04.02.2022
  253


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНДАҒЫ АРУЛАРҒА


(əсіресе Ибада мен Шарипаға)
Қол жетпейтін шынарымыз – өздерің,
Қол ұстасқан сыңарымыз – өздерің.
Құтты болсын Сегізінші наурызың,
Жыл он екі ай құмарымыз – өздерің.
Өмірімнің көктемі де, жазы да,
Маған біткен жалғыз əйел – Қазина.
Бір кішкене дəм апарса, мақтаңдар,
Вискиінің дəмін татып азғана.
Əзілдесіп, қалжыңдасып, ойнаңдар,
Əкелгенін азырқанбай, тойлаңдар.
Шарабына тоймай қалған секілді,
Мерекенің қызығына тоймаңдар!!!





Пікір жазу