04.02.2022
  281


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АСҚАРАЛЫ АЛПЫС

Аз емес сөйлеушілер бүгін мұнда,
Ағайын, бір кішкене сөзім тыңда.
Біздерді қуанышқа бөлеп отыр,
Алпыстың биігінде – Жеңіс құда!
Жеңістің ойы қандай, бойы қандай,
Көркіне көңіл бірден тойынғандай.
Гуілдеп мейрамхана «Алтын адам»,
Дүрілдеп өтіп жатқан тойы қандай?
Асыл жан қошеметке басын иіп,
Сəт сайын түрленіп тұр шапан киіп.
Атанған профессор ғалым-ұстаз,
Көп жылға мол еңбегін айтсақ түйіп.
Ешкімге сұлу мұртың едіреймей,
Алпысқа келу деген – үлкен мерей.
Еркіндеп жетпіске де жеткейсің сен,
Аймалап Құралайды күн-түн демей.
Шомылып мұздай суға дірілдесе,
Құшақта құдағиды əсіресе.
Əйтеуір сол кісімен тату болғай,
Қарның тоқ, жаның тыныш жүргің келсе.
Олжастың кішкентайы жаныңа ерсін,
Əлияң күлім қағып, қасын керсін.
Тəңірден тілейтінім, саған, баурым,
Əкең мен Əби ағаң жасын берсін!!!
2004 ж.





Пікір жазу