04.02.2022
  168


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҚОҢЫРБЕК ҚҰДАМЫЗҒА

Осынау той-думанның төріндегі,
Асыл жан – асқар таудай көрінеді.
Ақсайда думандатқан бұл кім, десем,
Кəдімгі Сағымбайдың Қоңырбегі!
Ағайын-туғандарын шақырғасын,
Құдамыз қалдырмайды құдашасын.
Алатау, Алматыны күмбірлетіп,
Құдамыз тойлап жатыр жетпіс жасын.
Ақсуат, арғы тегің – Найманым-ау,
Той күні бір кəдеңе жарадым-ау.
Тойыңды дүрілдетіп өткізетін
Өзіңнің Болатың мен Галяң мынау.
Қанатын кеңге жайған жанұяңыз,
Он балаң – айдын-шалқар дарияңыз.
Біз Сізге сондықтан да еркелейміз,
Баршаға қадірменді қариямыз.
Жасыңда талай қызға болдың ғашық,
Барады ақша бұлттар таудан асып.
«Қызығы жетпіс бірдің осы екен» деп,
Отырсың бəйбішеңмен құшақтасып.
Жарасып Қызыл қайың, Ақ қайыңмен,
Тойыңда, ахау, Семей, шырқайын мен.
Балалар бас-басына кетеді ғой.
Оңаша сүйісе бер Күлтайыңмен!
Үлкендер жастық шағын аңсай берсін,
Жұлдыздар, немерелер самсай берсін.
Жетпістің биігіне шығып алып,
Құдамыз əлі де көп жасай берсін!





Пікір жазу