04.02.2022
  758


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЖҮРЕКЖАРДЫ ТІЛЕК

(қайнағам Қазан Алғожинге)
Қазеке, биылғы күз, осы бүгін,
Айтулы, алпыс жасқа келген күнің.
Торқалы тойыңызға тартуым бұл,
Ұсынған өз кеудемнен өлең-гүлім.
Ауылдың адал ұлы – Сіздей жанды,
Ардақтап, құрмет тұтып, сыйлау заңды.
Дəл Сізге күйеу бала етті тəңрім,
Алты жас Сізден үлкен мендей шалды.
«Елге бар, оқы, – деді əдемі өлең»,
Əйелім айтса, бітті, бірден көнем.
 Болғанға Қазинадай қарындасың,
Мен Сізді əсіресе жақсы көрем.
Аялап туған жерді əуел бастан,
Еңбекке жас күніңнен араласқан.
Кеңсеңіз, мекемеңіз болды Сіздің –
Кең дала, егінді алқап, ашық аспан.
Кеш жатып, ерте тұрып, ерінбей-ақ,
Жұмыстан көрген жоқсыз жаныңды аяп.
Дəулетін еліміздің еселедің,
Өзіңе дүние-мүлік жинамай-ақ.
Айнала темір-терсек, шақыр-шұқыр,
Сырғауыл сынып жатыр сатыр-сұтыр.
Бір нəрсе көңліңізге жақпай қалса,
Мінезің найзағайдай шатыр-шұтыр.
Дүрілдеп бара жатыр той біртіндеп,
Күлімдеп, қошеметтеу – бізге міндет.
Жасыңнан еркелеткен Меруерт жеңгең,
Атыңды тауып қойған: «Тентегім» деп.
Əсем ат жеңешеңіз қоя білед,
Тентек пе, жоқ па – оны Зоя білед.
Бикеш пен Күлəш – екі жеңгең,
Думандап, осы тойда ойнап-күлед.
Əкеңіз – Əлғожаның Сəдуақасы,
Шешеңіз – Тəуірбайдың Шəмшиясы.
Бұл күнде: Қазан аға, дейді Сізді,
Ауылдың үлкен-кіші, кəрі-жасы.
Ер жеткен ұлдарың бар, қыздарың бар,
Асанжан, Айданадай немерең – бал.
Ағайын-туғандарың келіп отыр,
Қазан мен Зураш болып қуаныңдар.
 Бұл тойдың өзге тойдан орны басқа,
Ардақты Қазан аға – 60 жаста!
Шарабы қуаныштың сыңғырасын,
Шырқатып шаттық əнін, кəне, баста!
Алматы – Қызылжар,
9 – 10 қазан, 2003 жыл.





Пікір жазу