04.02.2022
  160


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АБЗАЛ ЖАН

Аспанда – Ай болады, Күн болады,
Баурайы Алатаудың гүл болады.
Əспеттеп, Кенжекеңді гүлге бөлеп,
Қуансақ, нұр үстіне нұр болады.
Арманын кеудесінде аялаған,
Ел үшін еш нəрседен аянбаған.
«Заманың қиын болса, тұйғын бол» деп,
Жастарды жаңа өмірге даярлаған.
Абзал жан, асқар таудай дəрежесі,
Біздерге орасан зор өнегесі.
Жүргені – отқа түсіп, күйіп-жанып,
Елімнің көгерсін деп көсегесі.
 Білімнің өткір қойып мəселесін,
Тосыннан табады əр кез дұрыс шешім.
Ұршықтай үйіргені есімізде
Ғылымның ұланғайыр мекемесін.
Қолдайды бар қазақтың баласын бұл,
Үлкенмен, кішімен де санасып жүр.
Кенжекең кең далаға өзі орнатты,
Əлемдік жаңа ғылым саласын бір.
Кеңседе күнде – жиын, күнде – кеңес,
Толғанып отырғаның ертелі-кеш.
Кенжеке, мерейтойың құтты болсын,
Алпыс жас – азаматқа биік белес.
Шеберсіз жұрттың бəрін ойлантуға,
Құмарсыз оқу орнын жаңартуға.
Сан жылдар Сіз басқарып, түрлендірген,
Үш бірдей университет соған куə.
Жас ұрпақ сүйсінгендей тұлғасына,
Кенжекең – кемеңгер жан, расында.
Бизнесмен, менеджерге – оқы, деді,
Қазақтың рухани мұрасын да.
Жақсының жақсылығын көп айтамыз,
Басшының нұры тассын, деп айтамыз.
Бір мезгіл Кенжекеңдей бола білсек,
Тəуелсіз елімізді нығайтамыз.
Туады – ақпаннан соң наурыз, сəуір,
Болады бүгіннен де ертең тəуір.
Алпысқа жаңа келген Кенжекеңнің
Алдында – жаңа ғасыр, жаңа дəуір.
Жылыңыз Сіздің, дейміз, сірə, барыс
Тілейміз жаңа бақыт, жаңа табыс.
 Жайқалған Қостанайдың егініндей
Жастардың ортасында көп жасаңыз!!





Пікір жазу