04.02.2022
  1821


Автор: Таныстыру сөздері

Таныстыру алтын күз сайысына (қыз)

Көңілімде шырқалар ән жырым бар,
Өзіме бұл ұнайтын тағдырым бар.
Армысыздар ардақты елім менің,
Иіліп мен сіздерге сәлем бердім.

Орта жүздің қызымын Айданамын,
Гүл көктемдей құлпырып, жайқаламын.
Мақсатқызы мен болам жаны нәзік,
Шындық сөзді қақайып айта аламын.

Салтанаттай әдемі анашым бар,
Жақсылықты етуге жаны құмар.
Бұл сайысқа қуана жіберді анам,
Тілегімен мойныма тағып тұмар.
Жібек Искакова





Пікір жазу