04.02.2022
  1884


Автор: Таныстыру сөздері

Алтын күз байқауына (қыз)

Ұлы жүзден кеп тұрмын жұлдыздай боп,
Баршаңызға үн қатып жүрегіммен.
Армысыздар, иіліп сәлем бердім,
Көңілдегі ең жақсы тілегіммен.

Ардаққызы Арайлым мен боламын,
Барша жанға шынайы бақыт тілер.
Анам аты Айғаным жүрегі ақ,
Ақ жаулығын қашанда тағып жүрер.

Алтын күздің байқауы есік ашып,
Біздер міне оңынан қадам бастық.
Ал сәттілік аруылар, алтын қыздар,
Жеңсін деймін шынайы бүгін достық.
Жібек Искакова





Комментарии

Жансая
Жансая 15.10.2022 11:24
Алтын күз

Пікір жазу