04.02.2022
  2626


Автор: Таныстыру сөздері

Алтын күзге таныстыру (ұлға)

Алтын күздің ақ таңы атты міне,
Айналаны сары түске бояп бұл.
Ассалаумалейкум сәлем бердім,
Алдыңызда қасқая, шаттанып бір.

Ұлы жүздің ұлымын Құрбанәлі,
Қиындыққа ешқашан берілмейтін.
Қалижанның баласы мен боламын,
Бұл сайыстан бас тартып, жеңілмейтін.

Анам аты Айжамал мейірімді,
Айдай сұлу жүзі бар баурап алар.
Таң қылатын сіздерді өнерлімін,
Әрқашанда тек қана алда болар.
Жібек Искакова





Пікір жазу