04.02.2022
  608


Бала тәрбиесі

Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл бақытты кәрілік, 


 


қате тәрбие біздің келешектегі сорымыз,


 


 біздің көз жасымыз.


Антон Макаренко


 


 


 


Заманға сай отбасында  бала тәрбиелеу  аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасы ол - сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Ал тәрбие тал бесіктен басталады.


Өмір сүруде тәрбиенің алар орны аса маңызды. Тәрбиесі жақсы баланың өмірі де жақсы болары анық. Жасөспірім шақта баланың тәрбиесі толықтай қалыптаса бастайды. Бұл уақыт бала үшін өте жауапты кезең. Әрқилы дүниелерге қызығып, бәрін көргісі, білгісі келетін шақта ана-анасының дұрыс жолды бағыттап тұруы маңызды. Баласымен сырласып, маңызды тақырыпта көп сөйлесу арқылы бала өзінің ата-анасы үшін керекті жан екенін сезініп өмірге, келер күнге деген көзқарасын өзгертеді. Бала өмірінде ата-ананың алар орны зор. Ата-анасы тарапынан мейірім мен жанашырлықты көріп өскен бала келешегі өзіде өзгелерге сондай қарым-қатынаста болады. Бойына мейірімнің сәулесін сіңіріп оны өзгелерге шашу адам тәрбиесінің биік екенін көрсетеді.


Қазіргі жағдайда  тәрбиенің  жалпы  негізі  адамгершілік  құндылықтар болуы керек.  Меніңше, адамгершілік  құндылықтар  үлкен мен кішінің  арасындағы  шынайы  қарым - қатынас  бала кезінде бойына дариды. 


 


Айтып өтпеске болмас, ұлттық тәрбиенің негізі анада басымдау болған. Сондықтан қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, «Қызға қырық үйден тыю» деген. Қазіргі заманда азматтарымыз ата –дәстүрге берік болумен қатар, намысын аяққа таптаппай, құрметтей жүріп ел намысын, оның ішінде қыз намысын да қорғағаны дұрыс. Бүгінгі ұрпақ ол – еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз – қазіргі қоғам мұратына сай жан - жақты жарасымды тұлға өсіру. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды, обал мен сауапты ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, ата - анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты.


 


«Өткенсіз бүгін жоқ» демекші, бүгінгі ұрпақты ата-бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату – біздің міндетіміз. Ұлдың намысты-батыл, қыздың әдепті-ибалы болып қалыптасуы бабаларымыздың өнеге - өсиетін тәрбие барысында ұтымды пайдалана білуімізге де байланысты деп ойлаймын.


 


Қорыта айтқанда, ұл қыздарымыздың ұлт алдындағы жауапкершілігіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет.


 


 





Пікір жазу