04.02.2022
  155


Автор: Жарасбай Нұрқанов

НҰРҒА ТОЛЫ НҰРА

Мың бұралып ағатұғын Нұраны
Мың қайтара көргім келіп тұрады.
Нағашыдай елпілдеген қуанып,
Жағасында желкілдеген құрағы.
Жазғы Нұра, жарқыраған айдыны,
Бір өзінде бүкіл əлем ай-күні.
Шындық тектес шымырлаған ағыспен
Жуып-шайып кететіндей қайғыны.
Көптен бергі кеудемдегі олқыны
Шүпілдетіп толтырғандай толқыны.
Көбік қарға көп аунаған түлкідей
Менен қунақ жан болған жоқ сол күні.
Дала кезіп, жалықпауы ұнаған,
Айналдым мен нұрға толы Нұрадан.
Жүрек таза, жүрейікші мөлдіреп,
Өмір жолы болғанымен бұралаң...





Пікір жазу