04.02.2022
  170


Автор: Жарасбай Нұрқанов

Батыр Ысқақ

Ыбырайдың Ысқағы
Қаруды нық ұстады.
Ерлік туын көтеріп,
Жеңіс жолын нұсқады.
Қанды майдан күнінде
Тұрды сенім үнінде.
Батыр аға атында
Бірлестік бар бүгінде.
Таудың биік шынары,
Өрлік – шыңның сыңары.
Туған елді қорғаумен
Ердің даңқы шығады.





Пікір жазу