04.02.2022
201
Қыз аты – Қағаз
Қыздың аты – Қағаз,
Бетке қаны тепті.
Төрде отырған сабаз
Бірден елең етті.
Тізе бүкті Қағаз
Орындыққа шеткі,
Диван бойлап сабаз,
Жылжи-жылжи жетті.
Үйге баяу кірген
Қыздың аты – Қағаз.
Елең етті бірден
Төрде отырған сабаз.