meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.02.2022
  176


Автор: Жарасбай Нұрқанов

Есіл ерке

Атамыздың құрығы
Мұра болып жеткендей.
Апамыздың бұрымы
Тарқатылып кеткендей.
Сары Арқаның төсінде
Ұзын аққан Есілім.
Туған жерде көсіліп
Еркелеуің не мін?!
Екі беті егін-дəн,
Айдынында – ақ шабақ.
Есілім деп төгілді əн
Толқындарын бақ санап.





Пікір жазу