04.02.2022
188
Өскен өлке
Есіл бойын қарашы:
Ұйысқан тал, ұзын жал.
Кең тоғайдай қаласы –
Петропавл – Қызылжар.
Жаңа күннің біз төлі,
Тапқан құтты қонысын.
Сүтішев пен Ізтөлин
Құрбан болған сол үшін.
Көркем сөзі нар елдің
Екі бірдей өркеші –
Сəбең менен Ғабеңнің
Туып өскен өлкесі.