04.02.2022
189
ӨТКІНШІ ЖАҢБЫР
Əлгінде ғана күлімдеп жүрген,
Күн көзі нұрлы, жер-көкті сүйіп.
Құбылып өңі, өзгерді бірден,
Түнеріп аспан, қабағын түйіп.
Қара бұлт өрлеп, ұлғайып əне,
Келеді төніп, ұсқыны жалбыр.
Күркіреп жəне, обалы кəне,
Өтеді жауып өткінші жаңбыр.
Өмірде мынау егіліп жылау
Біздерге тəн ғой, деп жүргем бұрын.
Кеудесі бүкіл сөгіліп жылау
Көк ала бұлтқа тəн екен, құрбым.
Көз жасы көлдей қалың бұлт ауып,
Оралып қайта келердей дəл бір.
Ерте ме, кеш пе, өтеді жауып
Өткінші жаңбыр, болжаусыз тағдыр.
Біртіндеп жəйлап, сіркіреп жауын,
Нөсер боп сосын, шалқыған əн бір.
Ауылда жүрген малшынып баурым,
Өтеді жауып, өткінші жаңбыр!..