04.02.2022
198
МЫҢ БІР КӨЛ
Қаз-үйрегі қаптаған
Мың айдынмен мақтанам.
Жаутаң қағып жатқандай
Қайракөл мен Қақ маған.
Суы сортаң Меңгесер,
Шипасы мол емдесер.
Шағалалы теңіз көл
Теңіздермен теңесер.
Аты қызық Тораңғыл,
Тораңғылы болар бұл.
Туған жерді аяла,
Құшағыңа толар гүл.