meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.02.2022
  197


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АЛТЫН ТЕҢІЗ

Сарша тамыз.
Шаңқай түс.
Танап басы.
Егінжаймен келеміз қанаттасып.
Көздің жауын алғандай толықсуын,
Бітік өскен бидайдың сабақтасып.
Қолдың аумай ұқсаған саласына,
Елжіреймін егіннің сарасына.
Көкжиекпен астасқан алтын теңіз
Сия емес көзімнің шарасына.
Бітік өскен бидайға сабақтасып,
Жақындаймын, аяқты санап басып.
Тұнып тұрған ақықтың əсерімен
Небір ойлар келеді қабаттасып.





Пікір жазу