04.02.2022
  135


Автор: Жарасбай Нұрқанов

КҮМІС ТОЛҚЫН

Астананың көрдің бе əсем көркін,
Аралайды самал жел емін-еркін,
Астананы мекендеп, қадірлесең,
Айналайын қазағым, өзің еркің.
Қайырмасы:
Дем берген көңілге,
Астана – əніміз,
Ақ қайың – сəніміз,
Іңкəрміз өмірге
Өйткені бəріміз,
бəріміз.
Астананың көрдің бе əсем көркін,
Астанада менің де есіл-дертім,
Өнерлінің шынымен бағы жанып,
Шын жүйріктің кезі бұл көсілетін.
Қайырмасы:
Дем берген көңілге,
Астана – əніміз,
Ақ қайың – сəніміз,
Іңкəрміз өмірге
Өйткені бəріміз,
бəріміз.
Астананың көрдің бе əсем көркін,
Аймалайды жағаны күміс толқын.
Өз бақытын табады Астанадан,
Келер ұрпақ, жас буын толқын-толқын,
Қайырмасы:
Дем берген көңілге,
Астана – əніміз,
 Ақ қайың – сəніміз,
Іңкəрміз өмірге
Өйткені бəріміз,
бəріміз.





Пікір жазу