04.02.2022
  121


Автор: Жарасбай Нұрқанов

БЕРІК КҮЗЕТ

Қаңқылдап ұшар қаз даусы
Естілсін əр кеш, əр таңда.
Аспаннан көзін жазбаушым,
Жау қырғи төнсе, талқанда.
Күлімкөз құрбың арманшыл
Толқынға қайық билетпек.
Теңізден көзін алмаушым,
Жау шортан төнсе, күйрет тек.
Бөлентіп гүлге құм ішін,
Құпия зерттеу көп бізде.
Шекара шетте тұрушым,
Жансызын жаудың өткізбе.





Пікір жазу