04.02.2022
117
ТУҒАН АЙМАҚ
Əнін жазған Төлеген Мұхамеджанов
Шалғынның тербеп басын жел,
Жан біткендей жасыл бел.
Қуаныштан толқыған
Анашымдай асыл жер.
Дидарындай əкемнің,
Аспаны шайдай ашық ел.
Жұлдызы жайнап көгінде,
Ай шомылған көлінде.
Ақ балтырлы қайыңдар,
Сыбдыр қағып дөңінде.
Туған аймақ тұрады,
Əрдайым көңіл төрінде.