04.02.2022
  167


Автор: Жарасбай Нұрқанов

КЕҢ ДАЛА, БАЙ ӨЛКЕМ

Өрмелеген көк жүзіне Күн алтын,
Аймалаған жердің жүзін нұры алтын;
Нұрға шомған біздің байтақ даланың
Тасы күміс, құмы алтын.
Атадан қалған мол дүние –
Кең дала, бай өлкем;
Көкорай белге болдым ие,
Асқар тау, көл көркем.
Қайырмасы:
Шаттығым бар, мұңым бар,
Бəрің де ұғыңдар.
Тарқайды шерім əнмен бірге,
Келеді шырқай бергім;
Еркіндік алдым елмен бірге,
Шаттығым сол ғой менің!
Жарқыраған айдын шалқар көлі бар,
Орманы бар, нуы бар;
Біле білсең, біздің байтақ даланың
Шөбі шүйгін, суы бал.
Атадан қалған мол дүние –
Кең дала, бай өлкем;
Көкорай белге болдым ие,
Асқар тау, көл көркем.





Пікір жазу