04.02.2022
  163


Автор: Жарасбай Нұрқанов

СҮЙЕГІ АСЫЛ

Көршіге «құдай айдап дəс келді» деп,
Қарсы алдық құшақ жайып Қаскеңді тек.
Мəсімен малдас құрып, күлімдейді:
«Жетпістің жетеуіне жас келді» деп.
Шақырды бізді бірден сусындауға,
Қызығы таныстықтың – қымсынбауда.
Астарлап айтқан сөзін, алмай көзін,
Қалжыңын шебер екен қисындауға.
– Жігіттер, болғаның жөн қымызқұмар,
Тұла бой, қымыз ішсең, қызып тұрар. –
Зерікпей зердемізге отыр құйып
Түнемел хикаясын қызықтырар.
Зайсаннан келген екен Қарғалыға,
Лектірмек жастау кемпір қармағына.
Көк костюм, қара бешпет алмастырып,
Ұқсайды баяғының шалдарына.
Дегені болсын дəйім бұл кісінің,
Қымызға қыза бөрткен дүр кісінің.
 Басына баудың ішін көтергендей,
Бір өзі не тұрады күлкісінің...
Кей сөзі келе бермес жарияға,
Сүйсіңдік сүйегі асыл қарияға.
«Құдағи қолыңды əкел, қолыңды» деп,
Қайықпен кете барды дарияға...





Пікір жазу