04.02.2022
  188


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ӨЗІҢ БІЛ

Бір өзіңді ойлаумен,
Ұйқым төртке бөлінді;
Мен өзіңмен тойлар ем,
Тоғыстырсақ көңілді.
Əттең, қолға түспейсің,
Көлге біткен жекен гүл;
Көз алдымнан кетпейсің,
Бекер көрген екем бір.
Қайырмасы:
Айналайын көзіңнен,
Мезгілі бар гүлдің де;
Мен айрылдым төзімнен,
Не боларын білдің бе?..
Сөз астарын ұқпайсың,
Аш бөрідей кезім бұл;
Сен есімнен шықпайсың,
Ендігісін өзің біл.
 Елдің сауық кешінде
Саяқ жүрген кім дейсің;
Өңім түгіл, түсімде
Сені ойлаймын, білгейсің.
Сен іздесең, мен бармын,
Мына тұрған Торғайда,
Көз ілмеген таңдардың
Бір өтеуі болмай ма?!.
Қайырмасы.





Пікір жазу