04.02.2022
  148


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҒАЛЫМ АҒАЙ

Өнерге жаным құмар бала жастан,
Өлеңді жатқа айтушы ем жаңылмастан.
Мен сіздің атыңызды естіп едім,
Кезімде бесіншіге қадам басқан.
Тауысып бітіргенше төзім қалмай,
Оқыдым қызық кітап талай-талай.
Ең алғаш «Қырым қызын» жолықтырдым,
Мен сізді көрмей тұрып, Ғалым ағай!
Даланың жазғытұрым төсінде гүл,
Сəскеде гүл тергенім есімде жүр.
Мен өзіңізді жолықтырдым,
Мектептің əдебиет кешінде бір.
Мейірбан жүзіңізден көзімді алмай,
Бір сұрақ қойсам деуші ем сізге қалай?
Ерінбей бізді де сіз тыңдадыңыз,
Жасы үлкен, кішіпейіл Ғалым ағай.
Шақыртып сізді тойға алдырған күн –
Қалың ел əнмен сусын қандырған күн.
Ғалеке, сізден алғаш естідім мен
Үкілі Ыбырайдың «Қалдырғанын».
Домбыра екі шекті, қу қарағай,
Шертеді ұл мен қызың əлі талай.
Есілдің екі бетін аралап жүр,
Артыңда қалған сөзің, Ғалым ағай!





Пікір жазу