04.02.2022
  148


Автор: Жарасбай Нұрқанов

НАУРЫЗ НҰРЫ

Əнін жазған Қадыр Адамбалинов
Күн сəулесі молайып,
Шырай берді жер-көкке.
Ашық-жарқын болайық
Үйде, түзде, мектепте.
Қайырмасы:
Наурыз, наурыз, келдің бе,
Айтқан сөзге мойын бұр.
Ақ отаудың төрінде
Мені уызға тойындыр!
Ақ қаймағын ауылдың
Қалаға сен ала бар.
Ізгі нұрын наурыздың
Көбейтейік, балалар!
Қайырмасы.
* * *
Қоңырау сағат шырылдап,
«Оян» деп безек қағады.
Ұйыған қолым шымырлап,
Қаным бір бойға тарады.
Оянар мезгіл жеткесін,
Ұйқыдан маза кетпей ме?
Бозала таңның еркесі –
Ақ сəуле ойнар беткейде.





Пікір жазу