04.02.2022
  130


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АЛМАТЫ КЕЛБЕТІ

Жүрегім, жүз жыл бойы алма тыным,
Көркіне сүйсінуге Алматының.
Көңілді əуелетіп əкетеді
Аспа жол Көктөбеге баратұғын.
Көшелер кешке қарай алтын арай,
Күмбездер күмбірлейді домбырадай.
Үзіктен күннің нұрын құйылдырды,
Жүзіктен аумайтұғын Неке сарай.
Алматы – жарқын орда жастарымен,
Осында мен де мөлдір басталып ем.
Қанаты талабымның талған емес,
Өнердің жұлдызы көп, аспаны кең.
Жап-жасыл, əсем қала бау-бағымен,
Баурайды ат шаптырым аумағымен.
Алматы көркемдіктің көрмесіндей,
Айнала қоршап қойған тауларымен.





Пікір жазу