04.02.2022
  196


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҚҰРМАНҒАЗЫ

Өріліп өршіл рух, мұңды назы,
Төгіліп кететұғын күмбір сазы;
Шертердей жүрегімнің жүз бір тілін,
«Серпердей» күй тудырған Құрманғазы!
Дегенде «Қайран шешем», «Қайран шешем»;
Қайғырып, қайралып та жігерленсең;
Күмбірлет, дүбірлетіп дүниені,
Не болмақ ықынуға ырық берсең?..
Сен едің ақырында «Түрмеден қашқан»;
Түбінде «Қызыл қайың», «Кісен ашқан»;
Тəуелсіз еркіндікке не жетеді,
Көк теңіз толқын атып «Көбік шашқан»!





Пікір жазу