04.02.2022
336
ТОРҚАЛЫ ТОЙ – 90 ЖАС!
Өзге тойдан бұл тойдың орны басқа,
Күлбағила шешеміз – 90 жаста!
Мейрамхана «Алмасқа» жетіп келдік,
Апам үшін қалайша қуанбасқа!
Аяулы жан, ақ жарқын əуел бастан,
Көктерекке келін боп, бауыр басқан.
Туған ауыл, туған жер, туған елді
Ардақ тұтып келеді айнымастан.
Ақ торғыннан – əдемі орамалы,
Əй-əй деуге апамды болады əлі.
Қуанғаннан қыздары құрақ ұшып,
Жүгіреді немере балалары.
Бəрімізді шақырып Күлəш-Мəмет,
Той тойладық «Алмаста» біз керемет.
Тоқсан жасы тойланған Апамызға
Жүз мың сыйлық, жүз мың гүл, жүз мың
Құрмет!!
2000 ж.
* * *
Жаңбырдың тамшылары,
Шертіп тұр терезені.
Шертеді əлсін-əлі,
Көңілім елеңдеді,
елеңдеді.
Сезіне қалдым дағы,
«Сен бе екен?» деп ойладым.
Есіме алдым дағы,
Өзіңді көп ойладым,
көп ойладым.