04.02.2022
180
ТОЙ КҮНГІ ҚУАНЫШ
Əркімнің жүрген бір армандап,
Асылы, ардағы болады.
Арманға жолығып қалғанда,
Жүрегің жиірек соғады.
Той күнгі қуаныш əуені –
Тамылжып тұрған бір əн болсын.
Құрбыңмен танысып əуелі,
Билесең, биіңде мəн болсын.
Мыңдардың ішінде бір кісі
Көңіліңді өзіне бұрады.
Құлақтан кетпейді күлкісі,
Күмістей сыңғырлап тұрады.
Аққу-қаз айдынға құмартып,
Жұптасып жүзгені сəн болсын.
Билеңдер буынды бұралтып,
Көргендер сүйсініп, таң болсын.
Уақыт зымырап өткесін,
Той-думан тарқауы Заңды ғой.
Кеудең де талпынған пəк сезім
Балапан күйінде қалды ғой.
Құрбыңнан көз жазып найқалма,
Бақытқа қол созып, бар, досым.
Жан сырын жеткізіп айтарға,
Арада дəнекер əн болсын.