04.02.2022
163
СЕНБЕУІҢДІ ҚОЙ, ЕРКЕМ!
Лəйлім менің, деп едім,
Неге, сəулем, сенбедің;
Емін-еркін келмедің,
Мен де саған сенбедім.
Еркем менің, деп едім,
Неге маған сенбедің;
Еркелейін деп едім,
Еркелей бер, демедің,
Сен де маған сенбедің,
Мен де саған сенбедім,
Сөйткеніміз жөн бе екен,
Сенбеуіңді қой, еркем,
ей, көкем!