04.02.2022
  137


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЖАРҚЫРАЙ БЕР, ШОЛПАНЫМ!

Жасыңда гүл-гүл, Мəрияш едің,
Жаңа жол еді ауылың сенің.
Есілдің құба талындай бойшаң,
Жайқалып өскен, жайдарлым менің.
Арқаның қызы, Аралға келін,
Жарқырай берші, Шолпаным, дедім.
Ауылдан ұшып, Алматы келдің,
Арманға жетіп, жемісін тердің.
Жаныңда – жарың, ашылып бағың,
Байлықтың, міне, қызығын көрдің.
Арқаның қызы, Аралға келін,
Жарқырай берші, Шолпаным, менің.
Ағайын-туған, сағынған елің,
Думандап жатыр керемет-керім.
Биікке самғап барады көңіл,
Ұлың мен қызың – қанатың сенің.
Арқаның қызы, Аралға келін,
Жарқырай берші, Шолпаным, менің.
Айнала сені қоршаған ортаң,
Өңкей бір жайсаң, шорағай-шортан.
Өмірде дəйім осылай тойла,
Екеуің бірге, Оңдасын-Шолпан!





Пікір жазу