04.02.2022
169
ОҚЖЕТПЕС
Атадан қалған мұраның
Шоқтығы биік қол жетпес.
Таусылмас дедім құмарым,
Баурыңда сенің, Оқжетпес.
Кеудесін тосқан жасынға,
Еркесі сұлу Көкшенің.
Көз жетпес ұшар басыңа,
Шығуды бір сəт көкседім.
Асқақ бір ойға берілдім,
Биіктен кім бар дəме етпес?
Қиялын тербеп елімнің,
Тұра бер мəңгі, Оқжетпес!