04.02.2022
132
ƏЛІМЖАН АХМАДИНГЕ
Иығыңа жұлдыз қонған қазағым,
Он бесінде толған айдай ажарың.
Жүрген жерің – күнде жиын, жəрмеңке,
Əсте сенің тарқамайды базарың.
Екі гүлің – Салтанатың, Əлияң,
Есіл-Нұра, сарқылмайтын дарияң.
Көгершіндей əлпештейсің Сараны,
Саған қымбат, саған ыстық жанұяң.
Еркелейміз, еркелетіп қойған соң,
Тойларыңа көңіліміз толған соң.
Саған қоса Сараны да сүйеміз,
Генералдың бəйбішесі болған соң.
Тойдың сəні – күміс күлкі, əсем əн,
Ақын айтқан асыл сөздің бəрі заң.
Сен əлі де жарқырай бер, жасай бер,
Алтын бауырым, айналайын, Əлімжан!!!
1997 ж.