04.02.2022
  112


Автор: Жарасбай Нұрқанов

САЙРАН АҒА

Перзенті Көктеректің – Сайран аға,
Қанатын Алматыда жайған аға.
Алпыстың бесеуінде жүре бермей,
Жетпіске келіп қалдың қайдан, аға?!
Өмірдің жеңіл емес, ауырын-ай,
Ауырға төзе білген жауырының-ай!
Өзіңіз – Солтұстіктің азаматы,
Жүзіңіз – оңтүстіктің қауынындай.
Талай сөз тойыңызда айтылмақшы,
Мақтауға, шама келсе, шыдап бақшы.
Осылай ойнап-күліп, еркелейтін,
Жетпіске келгеніңіз қандай жақсы!





Пікір жазу