04.02.2022
  143


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ӨР КӨҢІЛ

(əнге арналған)
Жүрегім бұлқынып,
Асау тайдай,
Көрсем деп ұмтылдым,
Есім қалмай.
Түсіріп сен мені
Сергелдеңге,
Арманым, келмедің
Айтқан жерге.
Қайырмасы:
Өмір, алдайсың неге,
Өр көңіл, ортайдың неге?
Тілек, үмітің алда,
Жүрек, Шаршама сен, талма!
Көңлімнен қоңыр бұлт
Кетпей қойды,
Арманға қолым бір жетпей қойды.
«Мəз болып жүрген аз»
Деме, досым;
Ер жігіт мойымас
Қашан болсын!
Қайырмасы.
Өмір, алдайсың неге,
Өр көңіл, ортайдың неге?
Тілек, үмітің алда,
Жүрек, Шаршама сен, талма!





Пікір жазу