03.02.2022
  224


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ШІДЕРТІДЕ ЖҮР ҒОЙ ОЛ

Бұлттар, бұлттар, қайда кетіп барасың,
Қайда барып, қайдан тұрақ табасың?
Ей, қоңыр бұлт, Шідертіге соға кет,
Шідерлі жан саған бір сəт қарасын.
Көрсін бұлттың қоңырайып жүргенін,
Білсін жұрттың неге қабақ түйгенін.
Елдегілер не дейтінін айт Оған,
Ол əзірге шырмауында түрменің.
Ең əуелі – елдің мұңын, зарын айт,
Ел ішінде күйзелістің барын айт.
Ер жігіттен еш нəрсені жасырма,
Естіп-біліп, көргеніңнің бəрін айт!
«Елдің көбі күн көріп жүр əрең» де,
Мұны жұрттың көз жасымен дəлелде.
Шындық үшін Шідертіде жүр ғой Ол,
Сол жігітке үш қайтара сəлем де!!!





Пікір жазу