03.02.2022
  182


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҚАСКӨЙЛЕРГЕ ҚАРСЫ ЖЫР

Оның ролі
Деймісің: сол Рейган ойлап отыр,
Көрінеу қоқан-лоқы ойнап отыр.
Болғасын іште мерез, баста желік,
Аузынан шыққан сөзі қотыр-қотыр.
Сойқанға – сойыл
Қаруға қанағатсыз, жойыт ерен,
Сойқанның көксегені – СОИ деген...
Көкесін танытса ғой, қанжауғырдың
Кəдімгі қасқыр соққан сойылменен.
Бұзыққа – бұғау
Желікпесін ядролық маньяк,
Желікпеде болмақ емес ар-ұят.
Бұғау салып, кісендетіп қоймаса,
Есіріктің етек-жеңі далият.
 Қорқаудан сақтан
Өңкей ғана соғысқұмар сотанақ,
Жайғасқандай жағасында Потомак.
Қорқаулардан сақтанайық көз жазбай,
Көздің жасы жүрмеу үшін боталап.
Қара ниет – қара бүйі
Ақ үйдегі қара ниет қабындап,
Кетпеу керек соғыс бұлты қалыңдап,
Қара бүйі, қара құзғын көргендей,
Қатер үнін дамылдамай дабылдат!





Пікір жазу