meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.02.2022
  232


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЕРКЕТАЙ

(əнге арналған)
Аспандағы жұлдызым,
Айдындағы құндызым, –
«Бір өзің, сəулешім» деп едім;
Бəсең тартып нұр жүзің,
Өкпеледің күн ұзын,
Жұмбақ қой сұлулық дегенің
Себебін білмедім, білмедім.
Қайырмасы:
Ерке сəулем,
Мың бір əурең;
Өтеді-ау жастық дəурен.
 Ескіріпті көйлегің,
«Еркетайым, сен менің,
Жаңасын алсаң» деп едім;
Жайраң қағып нұр жүзің,
Еркеледің күн ұзын,
Қызық қой əйелдер дегенің,
Себебін білмедім, білмедім.





Пікір жазу