03.02.2022
223
КҮННЕН ЫСТЫҚ ЖАНАРЫҢ
Мақта теріп жүрген шақта ағайын,
Елден неге бөлектеніп қалайын?
Бағым сынап қосылғандай бəйгеге,
Жең сыбанып мақталыққа барайын,
ағайын!
Ақ ұлпаны аялаған – көзайым,
Ақша тауға үлесімді қосайын?
Маңдай тері – маржан болған кезінде,
Əркім өзі тағдырына қожайын,
көзайым!
Əттең, менің толмай қойды қанарым,
Қайратымды сынағандай қарадың.
Оңтұстықтың күні шыжып тұрғанмен,
Күннен бетер ыстық екен жанарың,
қарағым!!