03.02.2022
  243


Автор: Жарасбай Нұрқанов

СУ СЫЛДЫРЫ

Сылдыр-сылдыр су сылдырар бұлақтан,
Тəңірі ме екен тауды-тасты жылатқан?
Анда-санда көңіл айтып «Көк! Көк» деп,
Шығар даусы көкектің де жұбатқан.
Ертелі-кеш сыңқылдайды, жылайды,
Не көксейді, қыңқылдайды, сұрайды.
Көк жүлгемен көбелесе көбелек,
Төсін төсеп, «көбешім» деп, шулайды.





Пікір жазу