03.02.2022
263
ЖҰЛДЫЗДАР МЕН ҰЛ-ҚЫЗДАР
Жылт-жылт етіп аспанда,
Жымыңдайды жұлдыздар;
Сүйгендерін тосқанда,
Жымыңдайды ұл-қыздар.
Жымыңдайды ертең де,
Жоғалмайды жұлдыздар,
Сүйген, сенген ертеңге,
Жолығады ұл-қыздар.