03.02.2022
193
КӨҢІЛ КҮЙІ
Жаңа жауған үлпілдеп
Қар жамылған далада,
Ат келеді бүлкілдеп,
Мен отырмын шанада.
Ат келеді бүлкілдеп,
Небір ойға берілем;
Қар жауып тұр үлпілдек,
Көрсем, шіркін, сенімен.
1957 ж.