03.02.2022
174

КӨҢІЛ КҮЙІ
Қап-қара ала бұлт жөңкіліп барады,
Тұнжырайды демалыс үй алабы.
Ықтасынға иірілген жандардың
Тұлпарлардай тұла бойы талады.
Сап-сары ала күннің сəуле-арайы,
Жəрмеңкедей жартастардың маңайы.
Жайған құрттай жатыр құмда кісілер,
Құбылмалы-ау көңіл мен күн райы!