03.02.2022
156
КҮЗГІ ТАҢ
Алтын күздің құба таңы
Аспаз қызды ұнатады.
Таңмен талас жаққан оттың
Жүзінде ойнап тұрар табы.
Сəуле қаптап сарғыш белді,
Əлем əппақ шырайға енді.
Күннен бұрын тұрған Диқан
Күнмен бірге ширай берді.
Қостың алды көп кісі еді,
Қол жуғыштың нық күзеті.
Суы мұздай – сұлу қыздай
Жүректі дір еткізетін.