03.02.2022
  134


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЖҮДЕУ ҚАР

Кешегі сықыр-сықыр мығым қардан
Күй кетіп, күртік жатыр жырымдалған.
Ақ белдер айғыз-айғыз, сағал-сағал
Ақ жапқыш кірлегендей шылымдардан.
Демеймін ғажап жайды əйгілі етем,
Көңілде бір ой бүршік жайды бекем:
Жүрсек те қыстан қашан құтылам деп,
Жүдеу қарды көру дағы қайғылы екен.
* * *
Жайық пен Есілдің арасында,
Қазақтың кең байтақ даласында,
Ауыл бар, бауыр бар, бəрін тегіс
Көруге, білуге барасың ба?
Қазақтың баласы,
Айнала қарашы;
Туған жұрт, қайын жұрт,
Жəне де нағашы,
Осылай дегенге
Кімнің бар таласы?!





Пікір жазу