03.02.2022
  151


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ӨЗІ АРМАН

Таты жоқ таза қардай құзардағы
Біп-биік, қандай таза қыз арманы.
Түнгі айдың, таңғы ауадай тұнып тұрған
Қылықты қыз көңілі-ай үміт қылған.
Шөліркеп қызыл гүлдей нөсер күткен,
Əсерлі қыздың жаны əсем тіптен.
 Бой жетіп, қыз қиялдап қарайды алға,
Қол жетпес өзі арман боп талайларға.





Пікір жазу